🌍 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін облыстық экологиялық-биологиялық орталықта ерекше көңілді, танымдық әрі тәрбиелік мәні зор күн өтті

🌿 Мерекеге орай ауыспалы құрам оқушылары, бүлдіршіндер және ата-аналар табиғат аясында керемет уақыт өткізді. Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар бірлесіп түрлі экологиялық ойындар, қозғалысқа негізделген эстафеталар, интеллектуалдық тапсырмалар мен викториналарға қатысып, қоршаған орта туралы білімдерін арттырды.

🐰 Ең қызықты сәттердің бірі — орталықтың шағын хайуанаттар бұрышында өтті. Мұнда балалар өз қолдарымен қоян, тасбақа сынды қолға үйретілген жануарларды ұстап көріп, оларға қамқорлық жасаудың маңызын ұғынды. Бұл сәт кішкентай қонақтар үшін ерекше әсерлі болды – олардың жануарларға деген қызығушылығы мен мейірімі арта түсті.

🍽️ Шара соңында табиғат аясында ашық аспан астында ұйымдастырылған пикник көңіл-күйді көтеріп, барша қатысушыларға шаттық пен жағымды эмоциялар сыйлады.

🌱 Бұл күн балаларға қоршаған ортаны аялау, жануарларды сүю, табиғатпен үйлесімде өмір сүру құндылықтарын үйретуге арналды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1013044?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version