ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристердің елімізде жайлы және қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Үкімет отырысы барысында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздің туристік саласы жыл сайын дамып, әлеуетін арттырып келе жатқанын баяндады. Мәселен, 2024 жылы отандық туристер саны 10,5 млн; шетелдік келушілер – 15,3 млн теңгені құрады. Бүгінгі таңда 87 мемлекет үшін визасыз режим қарастырылған, 107 шет мемлекет азаматтары электронды түрде виза рәсімдеу мүмкіндігіне ие.
«Мемлекет басшысы туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері екенін бірнеше рет атап өтті. Біз Қазақстанның шетелдік туристерге достық пейілі бар, емін-еркін демалуға қолайлы ел ретінде тартымдылығын арттыру үшін қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Халықаралық әуе қатынастарының, теміржол және автокөлік бағыттарының географиясы кеңейтілуде. Шетелдік азаматтар үшін көші-қон рәсімдерін жеңілдету қолға алынды. Келген қонақтардың емін-еркін әрі қауіпсіз демалысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мысалы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында көршілес елдерден келген туристерді қабылдау жұмыстары жүргізілді. Бұл тәжірибені кеңінен тарату қажет.
Туристік өнімдерді нақты туристік топтардың, әсіресе шекаралас өңірлердегі туристерге бейімдеген жөн», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
@KZgovernment
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1014512?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ