Қармақшыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық шерулер өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – халқымыздың біртұтастығын, Тәуелсіз еліміздің тұғырын бейнелейтін Ту, Елтаңба және Әнұран сынды мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету күні. Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айқын белгісі, ұлттық мақтанышымыз.

Осы айтулы күнге орай Қармақшы ауданында кең көлемде шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, аудан орталығы – Жосалы кентінде салауатты өмір салтын насихаттау мен ел Тәуелсіздігінің басты нышандарын ұлықтауға бағытталған велошеру өткізілсе, патриоттық рухты көтеріп, қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында автошеру ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында жеңіл атлетикадан марафон өткізіліп, жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар табысталды.

Іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, спортшылар мен жастар белсене қатысып, отансүйгіштік сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өткізілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1014248?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *