ҚАРАШЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 5 АЙЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025 жылдың І жартыжылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Қарашық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауылдың даму мәселелері мен алдағы жоспарларын талқылады. Кездесуде Қарашық ауылдық округі әкімінің орынбасары Сержан Жасибаев 2025 жылдың бес айлық қорытынды есебін жариялап, өткен кезеңде атқарылған жұмыстар мен алда жүзеге асырылатын жобалар туралы баяндады. Жиынға ауыл тұрғындары, аудандық әкімдік өкілдері және дербес бөлім басшылары қатысты.
Есептік баяндамада Сержан Жасибаев Қарашық ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң қарқын алғанын мәлімдеді. Барлық салықтық түсімдер 75,4 млн теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығы саласында 3 200 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді, 400 млн теңгеге инвестиция тартылып, шаруаларға 150 тонна арзандатылған дизель отыны үлестірілді. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара саны 5 295 басқа жеткен. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған 23 отбасыға қолдау көрсетілді. Қарашық елді мекенінде құны 2,86 млрд теңге болатын өндірістік алаң құрылысы жүргізілуде, 175 орындық балабақша салынып, бірқатар көшелерге тас төселді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, көшелерді жарықтандыру, ауыз су жүйесін жаңарту, жаңа әлеуметтік нысандар салу, жастарды қолдау, мал жайылымдарын кеңейту және жол сапасын жақсарту сияқты маңызды мәселелерді көтерді.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындар сұрақтарына нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің әрқайсысы кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Ол ауылдың әлеуеті жоғары екенін айтып, мемлекеттік қолдаулар мен жеке инвестиция есебінен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы жалғасатынын жеткізді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1013226?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *