“Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі” атты аудандық байқау өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Сарыағаш аудандық “Тілдерді оқыту және дамыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес “Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі” атты аудандық байқау ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – халықтар арасындағы достықты нығайту, жастар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанның тұрақты дамуына өз үлесін қоса алатын, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос жастарын анықтау.

Байқау барысында қатысушылар қазақ тіліне деген құрметін көрсетіп, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Іс-шара достықты дәріптеп, ел ішіндегі бірлікті нығайтуға бағытталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1014163?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *