Әділет департаментінің қызметкерлері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Абайтану институтында Абай Құнанбайұлының еңбектерімен танысты

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің мамандары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Абайтану институтында Абай Құнанбайұлының көзқарастарын, қоғамдық қызметін зерттеген абайтанушылардың еңбектерімен танысты. 

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы Картаева Айжан Маратбекқызының ақын мұрасы туралы терең мағлұмат беретін әңгімесі, ақынның мұрасы, оның философиясы және мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтары туралы терең ойды қозғайды. 

Әсіресе, абайтанушылармен басылымға шыққан «Абайдың құқықтық көзқарастары және «Қарамола ережесі», балаларға арналған «Дананың сөзі-ақылдың көзі» атты Абайдың қара сөздері, Абайтану институтының басқа да абайтануға байланысты басылымдары Департамент мамандарының ерекше қызығушылықтарын тудырды.  

Бұл шара,  Департамент қызметкерлері үшін- қазақ мәдениетінің тұңғиығын сезіну және кейінгі ұрпақты оқуға, өнерге,  адамгершілікке  үндеген, әлемдік әдебиеттен өзіндік орын алған, данышпан  ақын Абай Құнанбаевтың мұрасына деген жаңа көзқарас.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1013849?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version