Аса қадірлі ағайын, ардақты мұсылман бауырлар!
Сіздерді жүрекке иман, көңілге тыныштық сыйлайтын қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – Жаратқанға жақындау, ізгі амалмен Алла разылығына жету күні. Құрбан айт – мұсылман үмбетінің бірлігін, жомарттығы мен жанашырлығын паш ететін ерекше рухани сәт. Бұл күндері біз Құранда баяндалған Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың сынағын еске алып, шынайы сенім мен тақуалықтың қандай болатынын тағы да ұғынамыз.
Құрбан шалумен қатар, жүрек тазалығы мен ниет адалдығы – осы мерекенің өзегі. Бұл күн – мұқтажға көмектесу, жетімге жылу сыйлау, көршіге көңіл бөлу секілді асыл мұсылмандық құндылықтардың өмірмен біте қайнасатын шағы.
Алла Тағала жасаған құлшылықтарыңызды қабыл етіп, әр отбасыға амандық, әр жүрекке тыныштық, ел-жұртымызға ынтымақ пен ырыс нәсіп етсін!
Айттан айтқа аман жетейік, ағайын!
Ізгі тілекпен,
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1013280?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ