Ақтөбе облысында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтөбе облысында бірқатар салтанатты және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл атаулы күн – еліміздің егемендігі мен бірлігінің басты белгісі саналатын Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметтің көрінісі.

Негізгі іс-шара Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта өтті. Салтанатты жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы. Бұл рәміздер халқымыздың рухын көтеріп, ұлт ретінде ұйысуымызға ықпал етті. Әрбір азамат оларды құрметтеп, қорғауға міндетті», – деді облыс әкімі өз сөзінде.

– Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран шырқалды. Саябақ алаңында Ақтөбе облысының құқық қорғау және арнайы органдары сап түзеп, патриоттық рухтағы шеруге қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты, – деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы әділет капитаны Юсупов Ардак Тургалиевич.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1012537?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version