Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, ПБК төрағасы Нұрпейісов Болат Жұмабекұлы М-38 «Омбы – Майқапшағай» автожолының Шілікті – Ақжар (0-128 км) аралығында жүргізіліп жатқан жол құрылысының барысымен танысты.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, ПБК төрағасы Нұрпейісов Болат Жұмабекұлы М-38 «Омбы – Майқапшағай» автожолының Шілікті – Ақжар (0-128 км) аралығында жүргізіліп жатқан жол құрылысының барысымен танысты.

Аталған жол учаскесінде қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жолдың жалпақтығы 7 метр, ал қалыңдығы 5 см – бұл көрсеткіш жобада таптау техникасынан кейінгі күйі бойынша белгіленген. Құрылыс жұмыстарын Ақжар ПДУ-3 мекемесі атқаруда.

Өткен жылы осы бағытта 15 шақырым жол салынып, пайдалануға берілген болатын. Биыл құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.

Аталған жоба «AMANAT» партиясының бақылауында.

 

https://www.instagram.com/nurpeisov1069/

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/1006470?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *