2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында оқырмандардың ақпараттық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аталған кезеңде:
- Жалпы келушілер саны – 39262 адам
- Оқырмандар саны – 2927 адам,
оның ішінде балалар – 1397 адам - Кітап берілім саны – 164943 дана
- Өткізілген іс-шаралар саны – 103
- Іс-шараларға қатысушылар саны – 1623 адам
Кітапхана қызметі дәстүрлі және заманауи форматта қатар жүргізіліп, жергілікті қауымдастыққа сапалы ақпараттық және мәдени қызмет көрсетілді.
Мерейтойлық және тақырыптық іс-шаралар
2025 жылдың басты мәдени оқиғалары – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясындағы шаралар кең көлемде аталып өтті.
Абай мұрасына арналған әдеби сағаттар, көрмелер мен поэзия кештері,танымдық сағаттар жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Ақын шығармашылығы арқылы ұлттық рух пен тәрбиенің мәні дәріптелді.
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған кездесулер, «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу кештері мен ерлік сабақтары өткізілді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған авторлар шығармаларын кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Мәдени-ағартушылық бағыттағы маңызды іс-шаралар:
- Әл-Фараби баба мұрасына арналған танымдық сағаттар
- Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған поэзия кеші, ақпарат сағаты
- Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына арналған әдеби танымдық кеші
- Қадыр Мырза Әліне – 90 жыл, Ілияс Есенберлинге – 110 жыл, Рақыш Сәтұлы Әміровке – 95 жыл,
Тұманбай Молдағалиевке – 90 жыл мерейтойларына арналған әдеби-танымдық сағаттар мен көрмелер,әдеби кештер библио-глобус өткізілді. - Шоқан Уәлихановтың ұлттық мәдениетке қосқан үлесі туралы ақпарат сағаты, портрет кеші ұйымдастырылды.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бірлік пен татулықты дәріптейтін іс-шаралар өтті.
- «Жемқорлыққа жол жоқ» атты құқықтық-ағартушылық шаралар, тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
- «Бар мейіріміз – балаларға» атты қайырымдылық акциясы
- «Қазақ киносының айнасы – Әмина Өмірзақова» атты актриса шығармашылығына арналған танымдық кеш
- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шуағы» атты кеш, мерекелік концерттер, әдеби кештер, кітап көрмелері ұйымдастырылды.
- 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтауға бағытталған шаралар өтті.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен жас оқырмандарға арналған кітапханаға экскурсиялар өткізіліп, олар кітап қорымен және кітапханалық қызметпен кеңінен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1005229?lang=ru
Добавить комментарий