🏦 Ақтау қаласында «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Құрылыс саласындағы алаяқтық: Ақтауда компания басшылары бас бостандығынан айырылды

 

Ақтау қаласында «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты.

Аталған істі ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізді.

Тергеу барысында «ИнтерьерСтройАқтау» ЖШС басшыларының құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасасқаны анықталды.

Нәтижесінде үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат тартылған.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған.

1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген.

Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды.

Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударыған.

 

Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы “АФМ Insider” телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

 

 

Мошенничество в строительстве: руководителей компании в Актау приговорили к лишению свободы

 

В Актау вынесен обвинительный приговор по делу о мошенничестве в особо крупном размере при строительстве многоквартирных жилых домов «Султан», «Аққала» и  «Мұрагер».

Расследование проведено Департаментом АФМ по Мангистауской области.

Следствием установлено, что руководители строительной компаний ТОО «ИнтерьерСтройАктау» не имея лицензии на строительство, разрешения и проектно-сметной документации, заключили 590 договоров долевого участия.

В результате от дольщиков незаконно привлечено свыше 5,5 млрд тенге.

При этом строительные работы проводились с нарушениями и в установленные сроки не завершены.

Часть средств в 1,9 млрд тенге выведена из кассы компании в наличной форме по фиктивным актам строительных работ и присвоена руководством компании.

В ходе следствия наложен арест на 5 земельных участков и 47 автомашин.

Приговором суда руководство компании осуждены к лишению свободы на срок от 3,5 до 6,5 лет.

Кроме того, имущество стоимостью 1,1 млрд тенге обращено в счет возмещения гражданских исков потерпевших.

 

Если вам стали известны факты совершения экономических правонарушений, просим сообщить об этом в телеграм бот «АФМ Insider». 

Анонимность гарантируется.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1006522?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version