🏦 ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Sax Invest» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізуде Финансовая пирамида «Sax Invest»: подозреваемыми признаны 10 лиц, арестовано имущество стоимостью 600 млн тенге

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Sax Invest» қаржы пирамидасы: 10 адам күдікті деп танылып, 600 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды

 

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Sax Invest» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізуде.

Бұған дейін хабарланғандай, компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған.

Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 миллиард теңгеден астам қаражат тартқан. Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды.

Кейін бұл қаражат оның тарапынан жеке мақсаттарға: оның ішінде казиноға 2 млрд теңге, «Блайсико» атты бақылауындағы компанияның үлесін сатып алуға 28 млн теңге, Атырау қаласындағы екі пәтерге 70 млн теңге, жеке үй құрылысына 120 млн теңге, шетелде демалуға 377 млн теңге, қызының Лондонда оқуына 53 млн теңге жұмсалған.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2023 жылдың басында Мендығалиев 143 салымшымен жалпы 1,2 млрд теңгеден астам залалды өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасаған.

Сондай-ақ, ол 2023 жылдың соңына дейін 7 млрд теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген.

Алайда, бұл уәдесіне қарамастан, салымшыларға ақшаларын қайтармаған.

2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды.

Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде: 4 пәтер, 2 жеке үй, 2 автокөлік, 10 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ «ForteBank» пен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бағалы қағаздары бар.

Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам танылды.

Олардың 7-іне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

 

Финансовая пирамида «Sax Invest»: подозреваемыми признаны 10 лиц, арестовано имущество стоимостью 600 млн тенге

 

Департаментом АФМ по Мангистауской области проводится расследование в отношении организованной преступной группы, руководившей структурным подразделением финансовой пирамиды «Sax Invest».

Как раннее сообщалось, компания позиционировала себя в качестве инвестиционного фонда, держателя ценных бумаг, финансовых инструментов и других активов, а также участника глобального международного проекта по добыче алмазов в Африке.

В результате организаторами незаконно привлечено свыше 9 млрд тенге от тысячи вкладчиков.

Следствием установлено, что большая часть вложений регулярно перечислялась не на счет компании, а на личный счет организатора пирамиды Мендыгалиева.

Впоследствии деньги использованы им в личных целях, в том числе на азартные игры в казино – 2 млрд тенге, приобретение доли подконтрольной компании «Блайсико» – 28 млн тенге, покупку двух квартир в г.Атырау – 70 млн тенге, строительство частного дома в г.Атырау – 120 млн тенге, отдых зарубежом – 377 млн тенге, а также оплату обучения дочери в Лондоне – 53 млн тенге.

Во избежание уголовной ответственности в начале 2023 года Мендыгалиев заключил медиативные соглашения со 143 вкладчиками на сумму ущерба свыше 1,2 млрд тенге.

Кроме того, последний выдал гарантийные обязательства о возврате денег до конца 2023 года более чем тысяче вкладчиков на сумму 7 млрд тенге.

Несмотря на это, денежные средства вкладчикам не возвращены.

В ноябре 2024 года Мендыгалиев объявлен в международный розыск.

 С санкции суда наложен арест на имущество подозреваемых общей стоимостью 600 млн тенге: 4 квартиры, 2 частных дома, 2 автомашины, цифровые активы – 10 тыс USDT, а также ценные бумаги АО «ForteBank» и «Народный Банк Казахстана».

Подозреваемыми признаны 10 лиц, которые руководили структурными подразделениями финансовой пирамиды на территории городов Астана, Актобе, Уральск  и Актау.

В отношении 7 подозреваемых избрана мера пресечения в виде содержания под стражей.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1006560?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *