
«Sincere Systems Group» қаржы пирамидасы бойынша іс аясында 76 миллион теңге сомасындағы мүлікке тыйым салынды
ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Пирамиданың ұйымдастырушылары өздерін Ұлыбританиядан келген компания өкілдері ретінде көрсетіп, азаматтарға әртүрлі коммерциялық бағыттарға, соның ішінде медициналық каннабисті өсіру және жаһандық сатылымға инвестиция салуды ұсынған.
Клиенттердің сенімін арттыру үшін жеке кабинеттері бар сайт құрылған. Онда пайдаланушылар ішкі SWP және SWCT токендері арқылы есепшоттарын толықтырып, фиаттық ақшаға айырбастай алған.
Күдіктілер түскен қаржыны жеке мақсаттарына пайдаланған.
Келтірілген жалпы шығын 52 млн теңгеден асты.
Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне: Теміртау қаласындағы жер учаскесі мен кемпингке, Астана қаласындағы пәтер мен автотұраққа тыйым салынды.
Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынған, екіншісі — елден шықпау туралы қолхатпен босатылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдары танысу үшін берілді.
Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы “АФМ Insider” телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.
Анонимділікке кепілдік беріледі.
По делу о финансовой пирамиде «Sincere Systems Group» арестовано имущество на сумму 76 млн тенге
Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится досудебное расследование по факту руководства структурным подразделением финансовой пирамиды «Sincere Systems Group».
Организаторы пирамиды, позиционируя себя представителями компании из Великобритании, предлагали гражданам инвестировать денежные средства в различные коммерческие направления, в том числе выращивание и глобальную реализацию медицинского каннабиса.
Для убеждения клиентов в сохранности инвестиций создан сайт с личными кабинетами, где пользователи могли пополнять счета внутренними токенами SWP и SWCT в обмен на фиатные деньги.
Полученные денежные средства подозреваемые использовали в личных целях.
Общий ущерб составил свыше 52 млн тенге.
С санкции суда на имущество подозреваемых стоимостью 76 млн тенге наложен арест: земельный участок, кемпинг в г.Темиртау, а также квартиру с паркингом в г.Астана.
Одна из подозреваемых помещена под домашний арест, вторая — находится под подпиской о невыезде.
Досудебное расследование окончено, материалы дела переданы сторонам для ознакомления.
Если вам стали известны факты совершения экономических правонарушений, просим сообщить об этом в телеграм бот «АФМ Insider».
Анонимность гарантируется.
ПРЕСС-СЛУЖБА АФ

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1006982?lang=kk

Добавить комментарий