🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының көмегімен жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты 🏦 Департаментом АФМ по г.Шымкент при координации прокуратуры и содействии Госкорпорации «Правительство для граждан», пресечена деятельность организованной преступной группы, которая на системной основе за денежное вознаграждение обеспечивала выдачу водительских удостоверений

Опубликовано:

Автор:

в категории

Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз беру схемасы әшкереленді

 

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізуші куәліктерін жүйелі түрде заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

Тергеу барысында 2023–2024 жылдар аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы Ж.Р.  Мурашимов пен бірге бірқатар лауазымды тұлғалар жүргізуші куәліктерін алу рәсімін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей заңсыз алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Аталған «қызмет» үшін азаматтардан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша алынған.

Нәтижесінде 500-ден астам адам заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алған.

Қазіргі таңда тергеу аясында 200 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне: 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кету керек, жүргізуші куәліктерін белгіленген тәртіпті айналып өтіп алу – қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

Бұл Шымкент қаласында соңғы жылдары жиілеген жол-көлік оқиғаларынан да байқалады. 2022 жылы мұндай оқиғалар саны 398 болса, 2024 жылы 878-ге дейін жеткен.

 

Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы “АФМ Insider” телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

 

В Шымкенте пресечена незаконная схема выдачи водительских удостоверений

 

Департаментом АФМ по городу Шымкент при координации прокуратуры пресечена деятельность организованной преступной группы, которая на системной основе за денежное вознаграждение обеспечивала выдачу водительских удостоверений.

Расследованием установлено, что в период с 2023-2024 годы должностные лица во главе с руководителем специализированного центра обслуживания населения №2 НАО «Правительство для граждан» Мурашимовым Ж.Р. организовали незаконную схему оформления водительских удостоверений в обход процедур сдачи теоретических и практических экзаменов.

За оказание данных «услуг» взималось вознаграждение в размере от 150 до 400 тыс тенге.

В результате как минимум 500 лиц незаконно получили водительские удостоверения.

В целях конфискации наложен арест на имущество подозреваемых стоимостью свыше 200 млн тенге: 2 частных дома, 2 квартиры, 2 земельных участка, 10 автомобилей.

С санкции суда в отношении 12 подозреваемых избрана мера пресечения в виде содержания под стражей.

Досудебное расследование продолжается.

Иная информация в соответствии со ст. 201 УПК разглашению не подлежит.

Следует подчеркнуть, что выдача водительских удостоверений в обход установленных процедур представляет реальную угрозу общественной безопасности.

Подтверждением тому являются участившиеся дорожно-транспортные происшествия в г. Шымкент: их количество возросло с 398 в 2022 году до 878 в 2024 году.

 

Если вам стали известны факты совершения экономических правонарушений, просим сообщить об этом в телеграм бот «АФМ Insider». 

Анонимность гарантируется.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1006474?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *