
Жуырда Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының кинологиялық есептоптармен сертификаттау сынақтары өткізілді.
Алдымен сертификациялық сынақтардың салтанатты ашылуы өткізілді. Онда Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Б.Қ. Әбдіқадыров сөз сөйледі.
Салтанатты ашылудан кейін «Тіл алу және ептілікті тексеру» өткізіліп, қорытындылар бойынша келесі этаптан өтуге мүмкіндік алды бельгиялық овчарка лақап аты «Рапита», бельгиялық овчарка лақап аты «Яра» и голден-ретривер лақап аты «Коди».
Одан соң «Табиғи ортада зардап шегушілерді іздестіру» этапы өткізіліп. кинологиялық есептоптар 3 итпен сынақтар тапсырып өтті.
«Техногендік ортада зардап шегушілерді іздестіру» кезеңінен сынақтар өткізілді. Бұл сынақтың қорытындысы бойынша бельгиялық овчарка лақап аты «Рапита», бельгиялық овчарка лақап аты «Яра» және голден-ретривер лақап аты «Коди» иттері сынақтардан өтті.
Кинологиялық есептоптармен жұмыс жүргізу кезінде кинологтар иттерді басқару, зардап шегушіні іздестіру тактикасын жасау тәжірибесін жетілдіргендерін көрсетті.
Жалпы Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының кинологиялық есептоптары мен іздестіру иттері жақсы көрсеткіш көрсетіп, сертификациялық сынақтардан өтті.
Сертификациялық сынақтардың қорытынды хаттамасы толтырылып, бельгиялық овчарка лақап аты «Рапита», бельгиялық овчарка лақап аты «Яра» және голден-ретривер лақап аты «Коди» іздестіру жұмыстарына рұқсат алып, «А» сыныбын қорғады.
Қызылорда облысы ТЖД

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1006416?lang=kk

Добавить комментарий