Енді бәрі ыңғайлы, ашық әрі онлайн форматта –банке бармай-ақ, құжат жинамай-ақ өтінім бере аласыз аласыз. Бірақ өтініш бермес бұрын, шарттарға сай келетін-келмейтініңізді тексеріп алғаныңыз жөн Өтінішіңіз қабылдануы үшін: — 18 жастан асқан ҚР азаматы; — Сізде және отбасы мүшелеріңізде соңғы 5 жылда тұрғын үй меншік құқығында болмауы; — Мемлекеттік тұрғын үйде немесе әкімдік жалға берген пәтерде тұрмау: — Бұрын мемлекеттік тұрғын үй алып, оны жекешелендірмеген; — Мемлекеттік қолдаумен (мысалы, ипотекамен) баспана сатып алмаған; — Егер үйіңіз апатты деп танылған болса – ол өтініш беріп отырған қалада орналасуы қажет Маңызды! Өтініш жіберілгеннен кейін сізге және отбасы мүшелеріңізге 1414 нөмірінен SMS келеді – өтініш қабылдануы үшін келісімді растау қажет. #отбасыбанк #қазақстандабаспана #мембағдарлама #orken #тұрғынүйкезегі @otbasy_bank_aktobe
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-karashai/press/news/details/1007909?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ