
4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Тудың авторы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Ал елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан әнұраны әнінің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы атаулы мереке қарсаңында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде, Деапртамент басшысы Т.А.Умралиев, бөлім басшылары және мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі Мырзаханов Рустем Жетпісбайұлының АНТ қабылдау рәсімі өтті…
Құрметті, отандастар! Сіздерді мерекемен құттықтаймыз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын…

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1007808?lang=kk

Добавить комментарий