Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ КӨЛІ БАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы тағы бір демалыс аймағымен толықты. Бүгін шаһардың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген жасанды көлі бар саябақ пайдалануға тапсырылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді.
– Бүгін біз балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Түркістан төрінде табиғатпен тығыз байланыс орнататын, демалып серуендейтін тағы да бір саябақтың ашылуына куә болып тұрмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастыру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет» деп айтқан болатын. Ал, бұл саябақ – қаланың экологиялық, туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тың жобалардың бірі. Саябақ Түркістанның жасыл қалаға айналуына үлкен септігін тигізеді. Жалпы Түркістанда 109 саябақ пен скверлер қызмет көрсетуде. Ал, бүгін ашылған саябағымыз 110-шы болып отыр. Бұл жобаны іске асыруға атсалысқан барлық мамандарға, құрылысшыларға алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – елге қызмет етудің жарқын белгісі. Аймақта жыл санап туристер саны өсіп келеді. Демалыс орындары да ашылуда. Осылардың барлығы Түркі әлемінің орталығы Түркістан қаласының дамуына оң серпін береді. Сіздерді жаңа саябақтың ашылуымен тағы да шын жүректен құттықтаймын! – деді Нұралхан Көшеров.
Қалалық саябақта Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына би және театрландырылған қойылымдар ұсынылып, әуезді әндер орындалды. Серік Ибрагимов, Нұржан Жүсіпбеков, Гүлмира Құдайбергенова және басқа да елімізге танымал әншілер мен домбырашы балалар тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар «Күлтегін» этно-фольклор ансамблі мен «Жастар» және «Жаңа леп» ұжымы, «Семсер» тобы халық әндері мен заманауи туындылар орындап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Салтанатты шара барысында балалар мен ересектерге арналған интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, цирк, аниматорлар және армандар шары шоуы көрсетіліп, спорттық жарыстар, сурет және қыштан бұйым жасау шеберлік сағаттары өтті.
Қалалық саябақ «Жаңа қала» аумағында 12,77 гектар жерде орналасқан. Саябақта 38 438 шаршы метр жер көгалдандырылған. 8 мыңға жуық тал мен жасыл екпе егілген. Жасанды көл 19500 шаршы метр аумақты қамтиды. Су сыйымдылығы – 60 000 м3. Көл үстінен ұзындығы 92 метр жаяу жүргіншілер көпірі салынған. Сонымен қатар көл үстінде шолу алаңы, сарқырама, субұрқақтар бар. Демалыс аймағында тамақтанатын орындар, балалар алаңшалары, әкімшілік ғимараты қарастырылған. Одан бөлек, шатырлар, жарықшамдар, 270 дана орындық пен 240 дана қоқыс жәшігі орнатылған. Саябақ бір күнде 600 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___________
В ТУРКЕСТАНЕ ОТКРЫЛАСЬ ЗОНА ОТДЫХА С ИСКУССТВЕННЫМ ОЗЕРОМ
Туркестан пополнился еще одной зоной отдыха. Сегодня на территории административно-делового центра сдали в эксплуатацию парк с искусственным озером. В торжественной церемонии открытия объекта принял участие аким области Нуралхан Кушеров.
– Сегодня, в преддверии Дня защиты детей, мы стали свидетелями открытия в Туркестане еще одного парка. Создание комфортной среды для жителей и гостей города – одна из наших главных целей. Глава государства Касым-Жомарт Токаев отметил, что “озеленение и благоустройство территорий – дело большого государственного значения. Это общенациональный вопрос. Казахстан должен быть чистым. Этот парк – один из новых проектов, направленных на повышение экологического и туристического потенциала города. Парк будет способствовать превращению Туркестана в зеленый город. Всего в Туркестане 109 парков и скверов. Это 110-й парк. Выражаю благодарность всем специалистам и строителям, которые приняли участие в реализации данного проекта. Ваш труд – яркий пример служения стране. С годами в регионе растет количество туристов, открываются зоны отдыха. Все это даст положительный импульс развитию Туркестана как центра тюркского мира. Еще раз сердечно поздравляю вас с открытием нового парка! – сказал Нуралхан Кушеров.
В городском парке прошел праздничный концерт, посвященный приобретению особого статуса города Туркестана и Международному дню защиты детей. Вниманию жителей и гостей города были представлены танцевальные и театрализованные представления. На сцене выступили Серик Ибрагимов, Нуржан Жусупбеков, Гульмира Кудайбергенова и другие известные в стране певцы, а также юные домбристы. Этно-фольклорный ансамбль “Күлтегін”, коллективы “Жастар”, “Жаңа леп” и “Семсер” исполнили народные песни и современные произведения, подарив гостям хорошее настроение.
В ходе торжественного мероприятия были организованы интерактивные зоны для детей и взрослых. В частности, были показаны цирковое представление, шоу аниматоров и шаров, проведены спортивные соревнования, мастер-классы по рисованию и изготовлению изделий из керамики.
Городской парк расположен на территории “Нового города” на площади 12,77 га. В парке озеленено 38 438 квадратных метров земли. Привито около восьми тысяч деревьев и зеленых насаждений. Искусственное озеро занимает 19 500 квадратных метров, его емкость – 60 тысяч кубометров воды. Над озером построен пешеходный мост длиной 92 метра, находятся обзорная площадка, водопад, фонтаны. В зоне отдыха предусмотрены фуд-места, детские площадки, административное здание. Кроме того, установлены палатки, фонари, 270 скамеек и 240 мусорных урн. Парк может вместить до 600 человек. Здесь предусмотрены все условия для комфортного отдыха жителей и гостей города.
Пресс-служба акима Туркестанской области
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1009141?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version