
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері республикалық «Халық заңгері» акциясына қатысты. Іс-шара барысында тұрғындарға өзекті мәселелерді шешуге қатысты заңгерлік кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Негізгі көтерілген тақырыптар – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, салық мәселелері және қаржылық алаяқтықпен күрес. Азаматтарға сотқа дейінгі реттеу жолдары, құқықтық қорғау тетіктері мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Аталған акцияға қатысу – қаржылық мониторинг органдарына деген сенімді нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1009236?lang=kk

Добавить комментарий