2025 жылдың 26-30 мамыры аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Б.Кәрімова, М.Әбдіқалықов, А.Төлегенова, А.Мұсабаева, М.Бисенова, Б.Төлеген, Е.Нұртазаев қабылдау өткізді.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы да басқа мәселелер көтерілді:
– Жұмабаев көшесі бойындағы жол белгілеріне өзгеріс енгізу;
– Жанқожа батыр көшесі бойынан салынып жатқан жерасты көпірі жұмысы;
– Кіші бизнес құрылымын ашуға қатысты грант мәселесі;
– Арендалық пәтер алу;
– Қазақ соқырлар қоғамы бірлестігінің клубын жалға беру;
– Бұқарбай батыр көшесі №58 көпқабатты тұрғын үй аулаішілік жолдарын жөндеу;
– Ақмешіт мөлтек ауданы №30 көпқабатты тұрғын үйдің өжіресін құрғату;
– И.Тайманов көшесі №1 көппәтерлі тұрғын үй аумағында орналасқан қоқыс жәшіктерінің орнын ауыстыру;
Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелер бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1011150?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *