Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Арыс қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті. Спорттық сайыс балаларды қорғау күні мен нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шара еліміздің спорт саласына елеулі үлес қосқан Қасым Садықовты еске алуға арналған. Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов қатысып, жас балуандарға сәттілік тіледі.
Турнир – жас спортшылардың салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, жаңа чемпиондарды анықтауға бағытталған. Жарысқа өңірге қарасты аудан, қалалар мен Шымкент қаласынан барлығы 50-ден астам жас балуандар қатысқан. Олар 14 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медаль, дипломдармен және демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
____________
ТУРКЕСТАН: В АРЫСИ ПРОШЕЛ ОТКРЫТЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ВОЛЬНОЙ БОРЬБЕ
В Арыси прошел открытый республиканский турнир по вольной борьбе среди юношей. Спортивное состязание было приурочено ко Дню защиты детей и Дню борьбы с наркоманией. Мероприятие посвящено памяти Касыма Садыкова, внесшего значительный вклад в развитие спорта страны. На церемонии открытия турнира присутствовал заместитель акима города Алмаз Султанов, который пожелал юным борцам удачи.
Турнир направлен на популяризацию здорового образа жизни юных спортсменов, повышение любви молодежи к спорту, выявление новых чемпионов. Всего в соревнованиях приняли участие более 50 юных борцов из районов-городов области и города Шымкент. Они определили сильных в 14 весовых категориях. В результате победители и призеры были награждены специальными медалями, дипломами и ценными призами от спонсоров.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1010391?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version