Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
СОЗАҚ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН ШАРАҒА 1000-ҒА ЖУЫҚ БҮЛДІРШІН ҚАТЫСТЫ
Созақ ауданы Жартытөбе ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды. Ауыл орталығындағы «Астана» саябағы мерекеге орай сән-салтанатпен безендіріліп, шараға 1000-ға жуық бала мен ата-аналар белсене қатысты.
Мерекелік жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауылдық округ бойынша білім және спорт салаларында облыстық, республикалық деңгейде жетістікке жеткен оқушылар мен сала мамандарын марапаттады. Мерекелік бағдарламаның шымылдығы ашық аспан астында өткен балалардың сурет салу байқауымен ашылды. Кейін бүлдіршіндер топтық эстафеталық жарыстарға, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өзара бақ сынасты. Іс-шара барысында кәсіпкерлердің демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды. Сондай-ақ, түрлі тәттілер үлестірілді. Қуыршақтар шеруі мен ойын-сауық алаңдары бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады. Дәстүрлі әндер шырқалып, мереке аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік шара кешкі сағат 20:00-де «Бақытты бала – Бақытты ел» атты гала-концертпен жалғасын тапты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
___________
ОКОЛО 1000 ДЕТЕЙ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В МЕРОПРИЯТИИ, ПОСВЯЩЕННОМ ДНЮ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ В СОЗАКСКОМ РАЙОНЕ
В селе Жартытобе Созакского района было организовано праздничное мероприятие, посвященное Международному дню защиты детей. Парк “Астана” в центре села был украшен празднично, в мероприятии приняли активное участие около 1000 детей и родителей.
Заместитель акима района Серик Маманов поздравил собравшихся с праздником. Кроме того, по сельскому округу наградили учащихся и специалистов отрасли, добившиеся успехов на областном, республиканском уровнях в сфере образования и спорта. Праздничную программу открыл конкурс детского рисунка под открытым небом. Затем ребята соревновались в групповых эстафетных соревнованиях, национальных видах спорта, таких как асык ату, тогызкумалак. В ходе мероприятия детям при спонсорстве предпринимателей было роздано мороженое. Также раздали различные сладости. Парады кукол и развлекательные площадки доставили малышам особую радость. Прозвучали традиционные песни, праздник продолжился концертной программой артистов районного Дома культуры “Мынжылқы”. Праздничное мероприятие продолжилось в 20:00 гала-концертом “Бақытты бала – Бақытты ел”.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1010395?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *