Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясын шақыру туралы

Опубликовано:

Автор:

в категории

Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының

кезекті жиырма жетінші сессиясын шақыру туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының жиырма жетінші сессиясы 2025 жылғы 04 маусымға сағат 16:00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.

          Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:

  1. 2024 жылға арналған аудан және ауылдар бюджетінің орындалысы жөніндегі есепті бекіту туралы;
  2. Бостан ауылы әкімінің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  3. Аудандағы медицинаның сапасын арттырудың жайы туралы есебі;
  4. Жетібай ауылдық ауруханасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  5. Қарақия ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
  6. «Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. «Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. «Қарақия аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
  9. «Қарақия аудандық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-karakiya/press/news/details/1010518?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version