🏦 ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Amanat Drive» атауымен қаржы пирамидасының қызметін әшкерелед. 🏦 В Алматинской области пресечена деятельность финансовой пирамиды «Amanat Drive»

Опубликовано:

Автор:

в категории

Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

 

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Amanat Drive» атауымен қаржы пирамидасының қызметін әшкереледі.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған.

Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген.

Нәтижесінде қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 миллиард теңгеден асқан.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек» ЖШС, «i-m@rketing» ЖШС, «Gold SapaPremium» ЖШС — пайдаланған.

Аталған компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау мен болжау жүргізу секілді қызметтерді орындаған болып көрінген.

Осы жалған шарттар негізінде 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған.

Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды.

Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

В Алматинской области пресечена деятельность финансовой пирамиды «Amanat Drive»

 

         Департаментом АФМ по Алматинской области разоблачена финансовая пирамида «Amanat Drive».

Организаторы предлагали гражданам приобрести недвижимость и автомобили в рассрочку без уплаты процентов.

Однако обязательства выполнены лишь частично, имущество предоставлялось в основном родственникам и близким знакомым подозреваемых.

В результате пирамида привлекла более 8 тыс вкладчиков, сумма вложенных средств превысила 21 млрд тенге.

С целью легализации преступных доходов организатором финансовой пирамиды реализована многоуровневая схема с использованием подконтрольных юридических лиц — ТОО «Алло, не керек» и ТОО «i-m@rketing», ТОО «Gold SapaPremium».

Указанные компании выступали фиктивными поставщиками услуг, таких как рекламная деятельность, аналитика и прогнозирование на рынке недвижимости и транспорта. На основании мнимых договоров выведено и обналичено свыше 1,8 млрд тенге.

На преступные доходы приобретены частные дома, квартиры в столице, а также дорогостоящие автомобили, включая HUMMER H2 и Lexus LX570, которые в целях сокрытия от возможной конфискации оформили на доверенных лиц.

С санкции суда на указанное имущество, а также на счета потребительского кооператива наложен арест.

Главный организатор пирамиды помещен под стражу.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст. 201 УПК РК разглашению не подлежит.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1010423?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *