Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕНТАУДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Кентау қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 6-16 жас аралығындағы қала бүлдіршіндері қатысты. Шараға жалпы 33 жас суретші адалдық пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын сурет арқылы жеткізді. Қатысушылар шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсетіп, байқауға ерекше ықыласпен қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Марапаттау рәсімінде Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова сөз сөйлеп, балаларға шығармашылық табыс пен жарқын болашақ тіледі. Іс-шара Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В КЕНТАУ ПРОШЕЛ КОНКУРС РИСУНКОВ, ПОСВЯЩЕННЫЙ ДНЮ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ
В городе Кентау в честь Международного Дня защиты детей был организован конкурс рисунков “Дети против коррупции”. В конкурсе приняли участие малыши города в возрасте от 6 до 16 лет. В общей сложности 33 молодых художника рисовали сюжеты про честность и справедливость и передали свои антикоррупционные взгляды через картину. Участники проявили творческое мышление и с особым вниманием приняли участие в конкурсе.
По итогам конкурса победителям были вручены специальные призы. На церемонии награждения выступила заместитель акима города Кентау Акнур Байболова, которая пожелала ребятам творческих успехов и светлого будущего. Мероприятие проведено при поддержке Кентауского городского отдела внутренней политики и организовано объединением юридических лиц “Гражданский Альянс Туркестанской области”.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1009893?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version