Орал қаласында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Мен бақытты баламын» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, қала әкімі Мұрат Байменов және облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысып, балалармен бірге болды.
3000-ға жуық бала қатысқан мерекеде 9 тақырыптық алаң жұмыс істеді. Әр алаңда балалардың шығармашылығы мен қиялын дамытуға арналған ойындар, шеберлік сабақтары, тренингтер және интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылды.

Кіреберісте ұлттық және классикалық әуендермен жас музыканттар қонақтарды қарсы алды. Қауіпсіздік пен денсаулық тақырыптарында медицина, төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – жазғы демалысты отбасымен бірге, гаджеттерсіз өткізуге үндеу, балалар мен ата-аналардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерді дамыту және әлеуметтік байланысты арттыру.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1009699?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version