1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні !

Опубликовано:

Автор:

в категории

1 мамыр Халықаралық балалар күніне орай Аққайнар ауылдық округінің “Ардагерлер” саябағында ауыл әкімі Қайрат Серікбайұлы Ахметалиев және “Амир-2022” балабақшасының меңгерушісі Серікбаева Әсем Ерболовнаның демеушілігімен, және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мереке аталып өтті.
1-18 жас аралығындағы балалар арасында марафон ұйымдастырылып, кішкентай бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, әр балаға сыйлықтар таратылды.
Мереке соңынан ауыл әкімшілігі атынан балмұздақтар таратылды. Демеушілік көрсеткен, және атсалысқан жандарға алғысымызды айтамыз.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – бала бақыты мен болашағына бейжай қарамайтын қоғам үшін маңызды мейрам. Балалар – біздің ең асыл қазынамыз, ел ертеңінің жарқын бейнесі. Сондықтан олардың амандығы, сапалы білімі мен тәрбиесі – біздің басты міндетіміз.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасы бақыты және табыс тілеймін! #zhambyl_madeniet

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-akkainar/press/news/details/1009775?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version