🔰 САРЫАҒАШ: АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
🔹 Бүгінгі өңірдегі кәсіпорындардағы еңбек ұжымымен кездесулердің кезекті жиыны «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК-да өткізілді.
 
🔹 Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК қызметкерлеріне Департаментпен бекітілген Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда (соның ішінде жазатайым жағдайлар орын алған) еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.
 
🔹 Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы өз баяндамасында өңірдегі кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендету, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
 
🔹 Сонымен қатар, аудандық орталық аурухана ұжымына Еңбек кодексі бойынша негізгі қойылатын талаптар және жұмыс берушілер тарапынан жиі орын алатын заң бұзушылықтарға және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруда белсенді жұмыстар жүргізілуі үшін өңірлердегі кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы еңбек қатынастарына қатысты тиісті жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1009375?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *