
Бүгін «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау басталмас бұрын партияның аудандық атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров және Нұрлан Қойбағаров сұқбаттасып, бірқатар мәселелерді талқылады.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және жер қатынастарына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Қасқасу ауылдық округінің тұрғыны Мұрат Мамытов жайылым мен егістік жерлердің жетіспеушілігіне алаңдаушылық білдірді. Бұл мәселе бүгінде шаруа қожалықтары үшін өзекті болып отыр. Ал Ленгір қаласының тұрғыны Асылбек Омарханұлы Қарабайыр асыл тұқымды жылқыларды өсіру, оларды асылдандыру жолдарын дамыту, сондай-ақ мал азығының сапасы мен оған қолжетімділік мәселелерін көтерді.
Көтерілген мәселелердің барлығы тіркеліп, жауапты мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады. Сонымен қатар, туындаған түйткілдерді шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, орындалу барысы партия филиалы мен мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.
©Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1008383?lang=kk

Добавить комментарий