ТӨРАҒАЛАР БАС ҚОСТЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТӨРАҒАЛАР БАС ҚОСТЫ
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат төрағаларымен жұмыс кездесуін өткізді. Жиын барысында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев төрағалық еткен “Бір ел – бір мүдде” депутаттық тобының отырысында көтерілген бастамалар кеңінен талқыланып, нақты іске асыру тетіктері қарастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық қатынастарды үйлестіру, этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды күшейту және түрлі деңгейдегі мәслихаттар арасындағы байланысты жүйелеу болды.
Өз сөзінде Нұралы Әлмаханұлы: “Халықтың сенімі мен аманатын арқалау – үлкен жауапкершілік. Әрбір депутат белсенді, бастамашыл болуға тиіс. “Бір ел – бір мүдде” қағидаты – ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың өзегі”, – деп атап өтті.
Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды. Олардың қатарында ономастика саласына қатысты елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау және монументті өнер нысандарын орнату тәртібі мен заң талаптарының сақталу барысы талқыланды.
Сондай-ақ депутаттардың қызметтік этикасы мен мәслихат регламентіне қатысты нақты ұсыныстар айтылды.
Электрмен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады. “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-мен бірлесіп, аудан-қалалардағы елді мекендерді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар келесі сессияның күн тәртібіне енгізілетіні хабарланып, әр өңір бойынша нақты мәліметтер жинау тапсырылды.
Сонымен қатар, “Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру” тақырыбында семинар өткізу және депутаттар арасында кіші футболдан турнир ұйымдастыру бастамасы да қолдау тапты.
Жиын мазмұнды әрі жұмыс форматына сай өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын айқындады.
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004447?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *