Әдеп жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысындағы түсіндірме жұмыстары

Опубликовано:

Автор:

в категории

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Болатқызы Алшынбаева Сыр өңірінде іс сапармен болып, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеттерінің Қызылорда облысы бойынша департаменттерінде болып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік этиканы нығайту бағытындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Өркен Болатқызы халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екеніне тоқталып өтті.
Сонымен қатар кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық департаменттерінің өкілдері қатысып, хабарлама жасады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1007526?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *