ШАРДАРАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ 62-ШІ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі 62-ші турнирі өз мәресіне жетті.
Қазақ күресінен 62-ші облыстық дәстүрлі турнирге басқа аудандар мен қалалардан келген 9 команда құрамындағы 106 спортшы қатысты.
Турнирдің марапаттау рәсімінде Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы мен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директоры-бас редакторы Абай Бекназарұлы бұл сайыстың қазақ күресін халықаралық деңгейде танытып, жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылғанын атап өтті. 62 жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарыстың маңыздылығы мен мақсатына тоқталды. Сондай-ақ А.Қарсыбаев кезекті қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі 63-ші турнирінің эстафетасын Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлына табыстады.
Спорт кешенінде өткен бозкілемдегі палуандар бәсекесінде өңіріміздегі аудан, қалалардан келген жалпы саны 106 спортшы қатысты. Түйе балуан бәсекесінде 18 балуан бақ сынасты. Кіл мықтылар бәсекесінде Шардаралық Қайсар Шамшидинов турнирдің биылғы «түйе балуаны» атанды. Оған «Chevrolet Nexia» автокөлігінің кілті тапсырылды. Жалпы айтулы дүбірлі доданы ақсақалдар, спорт ардагерлері, тұрғындар мен қала қонақтары тамашалап, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Айта кетсек, дәстүрлі турнирдің мақсаты – ұлттық спорттың түрі қазақ күресін дамыту және облыстық жаттықтырушылары арасында тәжірибе алмасу, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау, балуандардың спорттық шеберлігін шыңдау. Сондай-ақ жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу, бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/998600?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *