Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету депатаментінің басшысы Б.Масалимова Үржар ауданы білім бөлімінің мәжіліс залында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдау кезінде азаматтар мектепке дейінгі, орта білім, қосымша білім беру және жеке мәселелеріне қатысты сұрақтарды көтерді.
Департамент басшысы азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер жеке бақылауына алынды.
Қабылдау қорытындысы бойынша Үржар аудандық білім бөлімі басшысына да ұсыныстар берілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/998569?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ