2025 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады – бұл дарынды әрі амбициялы жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған жоба.
Президенттік резерв – 35 жасқа дейінгі жас мамандар үшін елдің дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретін бастама.
2025 жылғы іріктеудің ерекшеліктері
Биылғы іріктеу мемлекеттік аппараттың қазіргі басымдықтарын көрсететін жеті салалық бағыт бойынша жүргізіледі:
* Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам
* Инфрақұрылымды дамыту
* Өнеркәсіп және сауда саясаты
* Экономика және қаржы
* Цифрландыру
* Агроөнеркәсіптік кешен және экология
* Сыртқы саясат және инвестициялар
Кадрларды салалар бойынша біркелкі бөлуді қамтамасыз ету үшін әр бағытқа жеке квота бөлінеді. Кандидаттар тіркелу кезінде тек бір бағытты таңдай алады.
Талаптар:
35 ЖАСТАН АСПАҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ;
ЖОҒАРЫ БІЛІМІ БАР;
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ B1-ден ТӨМЕН ЕМЕС ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕРГЕН;
ЖҰМЫС ӨТІЛІ 5 ЖЫЛДАН КЕМ ЕМЕС әрбір азамат қатыса алады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-satyp-alu/press/news/details/998538?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *