
Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.
- Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әртүрлі мәселелер.
1) Ақсуат ауданы Аққала ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы;
2) Ақсуат ауданы Қарғыба ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы;
3) Ақсуат ауданы Танамырза ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы;
4) Ақсуат ауданы Серіктес ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы;
5) Ақсуат ауданы Қожагелді ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы;
6) Ақсуат ауданы Көктүбек ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы;
7) Ақсуат ауданы Үштөбе ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы;
8) Ақсуат ауданы Қызылжұлдыз ауылын дамыту және салу схемасын (оңайлатылған бас жоспарынын) бекіту туралы.
Хабарламашы- Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Смағұлов Серікбек Сәкенбекұлы.
9) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5-VIII «Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
10) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2/5-VIIІ «Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
11) Ақсуат ауданы әкімдігі мүшелерінің құрамына келісу туралы;
12) Ақсуат ауданы әкімдігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы»;
13) Ақсуат ауданы әкімдігінің «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы»;
14) Ақсуат ауданы әкімдігінің «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы»;
15) Ақсуат ауданы әкімдігінің «Терроризмге қарсы ауданды комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
16) Ақсуат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/11-VIII «Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
17) «Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша Ақсуат ауданының 2025-2029 жылдарға арналған бағдарламасын» бекіту туралы.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/994724?lang=kk

Добавить комментарий