Мемлекеттік кеңесші Түркістан облысында ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Мемлекеттік кеңесші Түркістан облысында ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді

✔️Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді. Басқосуға аймақ әкімі Нұралхан Көшеров, аудан әкімдері және облыстық басқарма басшылары қатысты.
Жиында Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық және жастар саясатына, сондай-ақ басқа да түйткілдерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

✔️Ерлан Қарин мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру ісіндегі басты қағидаттарға тоқталып, ішкі саясат саласында проактивті, яғни, проблемалардың алдын алу тәсілін қолдану қажеттігіне назар аударды.

✔️Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе жауапты органдарға ішкі саясат саласын жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ Ерлан Қарин Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, онда жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстарымен танысты. Мемлекеттік кеңесші еліміздің ғана емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген бірегей нысанды сақтап қалудың маңызын атап өтті.

—————

Государственный советник провел совещание по вопросам внутренней политики в Туркестанской области

✔️В рамках рабочей поездки в Туркестанскую область под председательством Государственного советника Ерлана Карина прошло региональное совещание по вопросам внутренней политики с участием акима области Нуралхана Кушерова, акимов районов, руководителей областных управлений.
В ходе совещания были обсуждены актуальные вопросы, касающиеся эффективной реализации инициатив и поручений Главы государства, укрепления межэтнического и межконфессионального согласия, взаимодействия с институтами гражданского общества, проведения информационной и молодежной политики.

✔️В своем выступлении Ерлан Карин обозначил основные принципы организации работы госорганов, подчеркнув важность проактивного подхода во внутриполитической сфере.

✔️По итогам совещания Ерлан Карин дал ряд конкретных поручений ответственным госорганам по совершенствованию работы в сфере внутренней политики.
Госсоветник также посетил мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи, где ознакомился с ходом реставрационных и научно-исследовательских работ.

✔️Ерлан Карин отметил необходимость обеспечения сохранности мавзолея, являющегося выдающимся историко-культурным объектом нашей страны, входящим в список Всемирного наследия ЮНЕСКО.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/996442?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version