
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Еске алу» шарасына аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық мәслихат аппаратының ұжымы қатынасты.
Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің маңыздылығы мен тарихи мәніне тоқталды. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Бақтыгереев және тыл ардагері Ерғали Жұбанов сөз алып, елдің бейбітшілігі үшін жан аямай күрескен батырлардың ерлігін еске алып, бүгінгі ұрпаққа аманат ретінде қалдырылған мұраның құндылығы туралы айтты.
Шара барысында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, боздақтардың рухына тағзым етілді.
Бұл күн — батырлықтың, жанқиярлықтың және отансүйгіштіктің мәңгілік символы ретінде ұрпақ жадында сақталатыны сөзсіз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/998326?lang=kk

Добавить комментарий