
2025 жылдың 16 мамырында Жұмысшы мамандықтар аясында Нұра ауданының білім бөлімі мен Б.Абдыкаримов атындағы көп салалы колледжбен біріккен жоспарға сәйкес, кәсіптік сынақ Нұра кентіндегі Б.Абдыкаримов атындағы көп салалы колледждің базасында өткізілді. 9-10 сынып оқушылары үшін өте қызықты және пайдалы кәсіптік сынақ ұйымдастырылды. Бұл өте маңызды шара, себебі ол оқушыларға әртүрлі мамандықтармен танысып, өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес келетін бағытты таңдауға көмектеседі. Тігіншілер, аспазшылар, дәнекершілер және жұмысшы мамандықтары бойынша шеберлік сыныптарының көрсетілуі оқушылар үшін өте қызықты әрі пайдалы болды деп ойлаймын. Бұл мамандықтардың әрқайсысының қыр-сырын өз көздерімен көріп, тіпті қолдарымен жасап көруге мүмкіндік алды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың болашақ мамандық таңдауына үлкен әсер ететіні сөзсіз. Колледж базасында өтуі оқушыларға оқу орнының атмосферасын сезінуге және кәсіптік білім берудің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
#saryarkadaryny

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/997345?lang=kk

Добавить комментарий