
2025 жылғы 16 мамырында Қарағанды қаласындағы №104 Абай атындағы мектеп-гимназиясының қабырғасында 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Абай оқулары» Халықаралық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Кадирбекұлы Нұржан жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі: Карабаева Ф.Ж.
Ұлы Абайдың «Өлең – сөздің патшасы» деп бағалаған асыл мұрасын дәріптеген бұл байқау биылдан бастап оның 180 жылдығына арналған. Кадирбекұлы Нұржан өнерімен өз биігін бағындырып, қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін таныта білді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/997732?lang=kk

Добавить комментарий