ТҮРКІСТАН: ТМҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК ПЛАТФОРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

ТҮРКІСТАН: ТМҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК ПЛАТФОРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

✔️Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының Консультативтік платформасы (ОСО КП) туралы Ережеге қол қою рәсімі өтті.

✔️Іс-шараға ТМҰ мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және ТМҰ бақылаушы мемлекет – Мажарстанның орталық сайлау органдарының, сондай-ақ 4 беделді халықаралық ұйым – ТМҰ, Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Түркі академиясының басшылары, сондай-ақ ТМҰ елдерінің ғалымдары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.

✔️Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын құру бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен ТМҰ X мерейтойлық саммитінде ұсынған болатын. ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын құру туралы шешім барлық түркі мемлекеттер басшылары тарапынан бірауыздан қолдау тауып, 2024 жылғы 6 қарашада қабылданған ТМҰ XI саммитінің Бішкек декларациясында көрініс тапты.

✔️Маңызды басқосуда ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқыды. Президент өз хатында ТМҰ X саммитінде ұсынған консультативтік платформаны құру туралы бастаманы қолдаған бауырлас елдердің әріптестеріне алғыс білдіріп, бұл бастама ұйымның мүше мемлекеттерінің сайлау жүйелерін жетілдіруге ықпал ететіне сенім білдірді.

✔️«Бүкіл Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан қаласында консультативтік платформаның ережесіне қол қойылады. Мұның символдық мәні зор. Сондай-ақ мәселенің маңыздылығын ескере отырып, мен «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы бастаманы қолдаймын. Бұл шаралар тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдердің қарым-қатынасын одан әрі тереңдете түсері сөзсіз», – деп Мемлекет басшысы өз хатында ден қойып, консультативтік платформаға нәтижелі жұмыс тіледі. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов өз құттықтауларын жолдады.

✔️Іс-шара барысында ҚР ОСК Төрағасы ашық деректерге сәйкес, ТМҰ мүше мемлекеттерде 96,5 миллионнан астам сайлаушы бар екенін, соңғы екі жылда осы елдерде түрлі деңгейдегі 15 сайлау өткенін атап өтті. Сонымен қатар, ол «біз бүгін бүкіл түркі халқының рухани астанасы – Түркістанда жиналып, ТМҰ елдерінің орталық сайлау органдарының Консультативтік платформасы туралы Ережеге қол қойып отырмыз. Мұндай диалог алаңын құру сайлау процестерінің сапасы, тиімділігі мен инклюзивтілігін арттыруға ықпал етеді», деді.

✔️Алқалы жиында ТМҰ мүше-мемлекеттер орталық сайлау органдарының басшылары – Әзербайжаннан Мазахир Панахов, Қырғызстаннан Тынчтык Шайназаров, Түркиядан Ахмет Йенер, Өзбекстаннан Зайниддин Низамходжаев сөз сөйлеп, Мажарстанның Ұлттық сайлау бюросының басшысы Аттила Надьтың құттықтау хаты оқылды. Сонымен қатар, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығының (A-WEB) Бас хатшысы Ин-Шик Чжанг, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Мехмет Сурейя Эр, Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев сөз сөйледі.

✔️ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары қол қойған ОСО КП Ережесінде ТМҰ елдерінің орталық сайлау органдары арасында жүйелі ынтымақтастық орнату өзара түсіністікті нығайтуға және сайлау процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілген. Сонымен қатар, құжат ТМҰ мүше мемлекеттерді сайлау және референдумдар кезінде халықаралық байқау миссияларын ұйымдастыру арқылы көпжақты ынтымақтастық пен үйлестіруді дамытуға ынталандырады. ОСО КП мүшелері Ережеде мынадай шешімдер қабылдады:⤵️
✔️сайлау рәсімдері бойынша диалог, ақпарат, үздік тәжірибелермен алмасу үшін платформа құрады;
✔️сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытады;
✔️сайлау процестеріне инновациялық тәсілдер мен технологияларды енгізеді;
✔️электоралды іс-шараларды ұйымдастыруда ТМҰ елдерінің ОСО қызметін үйлестіреді;
✔️сайлау органдары арасында сарапшылармен және оқу-әдістемелік материалдармен алмасуға жәрдемдеседі;
✔️сайлау байқауына қатысып, тәжірибе жинақтауға және сайлау жүйесін дамытуға ықпал етеді және т.б.

✔️Іс-шара аясында ҚР ОСК Төрағасы Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан елдерінің әріптестерімен, сондай-ақ ТМҰ, Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар сайлау науқандарын ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу және ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. ТМҰ орталық сайлау органдары арасында тұрақты кеңестер және ынтымақтастықты қамтамасыз етуге арналған ортақ платформа құру электоралды процестерді дамытуға ықпал ететінін тараптар тағы да атап өтті.

✔️Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

———————-

ТУРКЕСТАН: ПОДПИСАНО ПОЛОЖЕНИЕ О КОНСУЛЬТАТИВНОЙ ПЛАТФОРМЕ ЦЕНТРАЛЬНЫХ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ ГОСУДАРСТВ-ЧЛЕНОВ ВМО

✔️В городе Туркестане состоялась церемония подписания Положения о консультативной платформе центральных избирательных органов государств-членов Организации тюркских государств (ОТГ).

✔️В мероприятии приняли участие руководители центральных избирательных органов государств-членов ОТГ – Азербайджана, Казахстана, Кыргызстана, Турции, Узбекистана и государства-наблюдателя – Венгрии, а также представители четырех авторитетных международных организаций – ОТГ, Всемирной ассоциации избирательных органов (A-WEB), Парламентской Ассамблеи тюркских государств и Тюркской академии. Во встрече также приняли участие ученые стран ОТГ, депутаты Парламента РК, члены Экспертного совета при Центральной избирательной комиссии РК, председатели областных, территориальных избирательных комиссий городов Астаны, Алматы и Шымкента.

✔️Инициатива создания консультативной платформы центральных избирательных органов государств-членов организации тюркских государств была выдвинута Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым на X юбилейном саммите ОТГ в Астане 3 ноября 2023 года. Решение о создании такой платформы было единогласно поддержано главами всех тюркских государств и нашло отражение в Бишкекской декларации XI саммита ОТГ, принятой 6 ноября 2024 года.

✔️На совещании председатель Центральной избирательной комиссии РК Нурлан Абдиров зачитал поздравительное письмо Главы государства Касым-Жомарта Токаева участникам мероприятия. В своем письме Президент поблагодарил коллег из братских стран, которые поддержали инициативу по созданию консультативной платформы, и выразил уверенность в том, что этот шаг будет способствовать совершенствованию избирательных систем государств-членов организации.

✔️”В городе Туркестане, который является духовной столицей всего тюркского мира, будет подписано Положение о консультативной платформе. Это имеет большое символическое значение. Также, учитывая важность проблемы, я поддерживаю инициативу о проведении научно-практической конференции “Тюркский мир: традиции, опыт и перспективы развития избирательных систем”. Эти меры, несомненно, будут и дальше углублять отношения братских стран с общей историей и корнями”, – подчеркнул в своем письме Глава государства и пожелал плодотворной работы консультативной платформе. Также свои поздравления направили Председатель Сената Парламента РК Маулен Ашимбаев и Председатель Мажилиса Парламента РК Ерлан Кошанов.

✔️В ходе мероприятия председатель ЦИК РК отметил, что, согласно открытым данным, в государствах-членах ОТГ насчитывается более 96,5 млн избирателей. За последние два года в этих странах проведено 15 выборов различного уровня. Кроме того, он отметил, что “создание консультативной платформы центральных избирательных органов государств-членов Организации тюркских государств будет способствовать повышению качества, эффективности и инклюзивности избирательных процессов”.

✔️На коллегиальном совещании выступили руководители центральных избирательных органов государств-членов ОТГ – Мазахир Панахов из Азербайджана, Тынчтык Шайназаров из Кыргызстана, Ахмет Йенер из Турции, Зайниддин Низамходжаев из Узбекистана. Было зачитано поздравительное письмо руководителя Национального избирательного бюро Венгрии Аттилы Надь. Также выступили Генеральный секретарь ОТГ Кубаничбек Омуралиев, генеральный секретарь Всемирной ассоциации избирательных органов Ин-Шик Чжанг, генеральный секретарь Парламентской Ассамблеи тюркских государств Мехмет Сурейя Эр, вице-президент Тюркской академии Асхат Кесикбаев.

✔️В положении, подписанном руководителями центральных избирательных органов государств-членов ОТГ, отмечается, что системное сотрудничество между центральными избирательными органами стран ОТГ способствует укреплению взаимопонимания и повышению эффективности избирательных процессов. Кроме того, документ стимулирует государства-члены ОТГ к развитию многостороннего сотрудничества и координации путем организации международных конкурсных миссий во время выборов и референдумов. Члены консультативной платформы центральных избирательных органов государств-членов

Организации тюркских государств приняли в положении следующие решения:️ ️

✔️создание платформы для диалога по избирательным процедурам, обмена информацией, передовым опытом;
✔️развитие сотрудничества между избирательными органами;
✔️внедрение инновационных подходов и технологий в избирательные процессы;
✔️координация деятельности центральных избирательных органов стран ОТГ в организации электоральных мероприятий;
✔️содействие обмену экспертами и учебно-методическими материалами между избирательными органами;
✔️участие в избирательном конкурсе, накопление опыта и развитие избирательной системы и т. д.

✔️В рамках мероприятия председатель ЦИК РК провел двусторонние встречи с коллегами из Азербайджана, Кыргызстана, Турции, Узбекистана, Венгрии, а также с руководителями ОТГ, Всемирной ассоциации избирательных органов, Парламентской Ассамблеи тюркских государств. Стороны обсудили вопросы обмена опытом организации избирательных кампаний и укрепления сотрудничества. Стороны еще раз подчеркнули, что создание постоянных советов и общей платформы для обеспечения сотрудничества между центральными избирательными органами будет способствовать развитию электоральных процессов.

✔️Отметим, сегодня в Туркестане состоится международная научно-практическая конференция «Тюркский мир: традиции, опыт и перспективы развития избирательных систем», организованная совместно с Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/996418?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version