13 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарының облыстық «Отаным-Отбасым» атты онлайн- байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Осы байқауға 21 отбасы белсене қатысты.
Байқаудың мақсаты – балалар әдебиетін насихаттау, оқушының көркем сөзге деген қызығушылығын арттырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Отбасылар өз шығармашылығы мен кітапқа деген сүйіспеншілігін бейнеролик арқылы әсерлі жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын – Қ. Аманжолов ат.ЖОББМ;
2 орын- Переметный ЖОББМ;
2 орын – Махамбет ЖОББМ;
3 орын – Дарьинск ЖОББМ;
3 орын – Подхоз ЖББНМ;
3 орын – Раздольный ЖОББМ.
Жүлдегер отбасыларға марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
Бәйтерек ауданы бойынша Қасым Аманжолов атындағы ЖОББМ-нің Хайруллиндер отбасының үздік бейнеролигі БҚО білім басқармасына жолданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bayterek/press/news/details/996284?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ