️ Бүгін Ұлытау облысының СЭБД ұйымдастыруымен Ұлытау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі М.С.Рахимжанованың қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге алаяқтықтың, оның ішінде киберқылмыстардың алдын алу бойынша семинар өткізілді.
Алаяқтықтың ең көп тараған түрі – құқық қорғау органдарының немесе банк қызметкерлерінің атынан хабарласу. Одан бөлек алаяқтық инвестициялық салымдар бар. Онда әлеуметтік желілер арқылы қаражат салу жарнамаланады. Қазақстанда негізі мұндай қызмет түрі лицензияланған. Яғни, брокерлердің лицензиясы болуы керек. Азаматтар мұны ресми сайттар арқылы тексере алады. Үшінші кең таралған түрі – онлайн-сату бойынша жасалатын алаяқтық.
Семинар соңында қатысушылар толғандырып жүрген сұрақтарына толықтай жауап алды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-ulytau/press/news/details/996605?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ