
9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ұлы Жеңіс жасасын” атты мерекелік іс-шара Аққайнар ауылының “Ардагерлер” саябағында атап өткізілді.
Аталған шарада Ескерткішке гүл қою, Құран бағыштау, саптық жүріс рәсімдері өтті.
Ауыл әкімі Ұлы Жеңіске үлесін қосқан ардагерлерге төсбелгілерін тағып, алғыс хаттар табыстады. Артынан концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Іс-шараға мектеп, балабақша, спорт кешені, амбулатория мекемелері демеушілік жасап, өз үлестерін қосып атсалысты. Мекемелерге алғысымыз шексіз.
Құрметті ардагерлер және барша отандастар!
Сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ерлік пен батырлықтың, ұрпақтар сабақтастығы мен бейбітшіліктің символына айналған қасиетті күн.
Ұлы Отан соғысында жанын қиған боздақтар мен майдангерлердің ерлігі – мәңгі жадымызда.
Олардың отансүйгіштігі мен қажыр-қайраты – біз үшін әрқашан үлгі.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір, ашық аспан мен береке тілейміз!
Жеңіс рухы жүрегімізде мәңгі жасай берсін!
Мереке құтты болсын!
#Жеңіс80Жыл #ЖамбылАуданы #ҰлыЖеңіс #9мамыр #Тағзым #АрдагерлергеҚұрмет #Ұзынағаш #ЖеңісКүні

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-akkainar/press/news/details/996135?lang=kk

Добавить комментарий