
МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ:
Тұрақты комиссия отырысында өзекті мәселелер қаралды
Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Жарқынбек Айтқұлов «2024 жылға арналған аудан бюджетінің атқару туралы» баяндама жасады.
Көтерілген мәселеге орай мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев, депутаттар Құралай Үкібаева, Гүлсүн Ешеева, Айдын Қалабаев және Алмас Большебеков тарапынан бірқатар сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Оларға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев пен тиісті бөлім басшылары нақты жауаптар берді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесі Ілияс Төлемісов, ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Садыров, Көптерек ауылының әкімі Самат Күсемісов жарыссөзге шығып, 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
«Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік-аумақтық құрылым, адам құқықтарын қорғау және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Елнұрбек Ермеков мәселе бойынша қорытынды жасады.
Сондай-ақ отырыс барысында «Байзақ ауданы бойынша ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар» жөнінде «Байзақ су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Қуанышбек Болысбаев есеп берді.
Отырыс соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-baizak/press/news/details/995618?lang=kk

Добавить комментарий