📌Полиция мен жұртшылық есірткінің таралуына қарсы бірікті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қостанайда полицейлер бау-бақша учаскелерінің иелерімен, сондай-ақ ПИК және МИБ төрағаларымен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың хабардарлығын арттыру және оларды есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша бірлескен жұмысқа тарту болды.

Кездесу барысында қатысушыларға «жасырын қойылған заттарды» орналастыру және жасырын нарколабораторияларды ұйымдастыру үшін саяжай алаптары мен үй маңындағы аумақтардың пайдаланылуы мүмкін екендігі жөнінде, сондай-ақ есірткі сатушылардың қызметіне байланысты басқа да тәуекелдер туралы айтылды. Сонымен қатар, күдікті әрекеттерді, заңсыз өсімдіктерді өсіру белгілерін анықтау және ықтимал құқықбұзушылықтар тіркелген жағдайда қандай әрекеттер жасау қажеттігі жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Полицейлер халықтың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті және күдікті адамдар мен заттар байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажеттігін еске салды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-michurin/press/news/details/995355?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *