ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерін арнайы құттықтады.
Аудан басшысы тыл ардагерлері – Сраил Сахов, Анатолий Семенович Коломыц және Айдын Оразбекованың шаңырақтарына барып, құрмет көрсетті. Кездесу барысында ол ардагерлерге зор денсаулық, отбасы амандығын және ұрпақ қызығын көруді тіледі.
“Сіздердің соғыстан кейінгі жылдардағы қажырлы еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі. Бейбіт күн үшін Сіздерге бүкіл аудан халқы атынан алғыс білдіремін,” – деді А.Қарсыбаев.
Кездесу соңында ардагерлерге Алғыс хаттар, Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/993317?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version