ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

      Ардагерлерімізді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол аға буынның арқасы. Яғни, майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді де.«Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы.
     Бүгінде ауылымызда тыл ардагерлерінің қатары сиреген.
Ауылдық мәдениет Үйінің бастамасымен Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болып, сый-құрмет көрсетті. Алдымен 90-ға келген кейуана Алтынай Каюпова және Бәдігүл әжелеріміздің шаңырағында болып мерекемен құттықтап сый көрсетсе, мұнан соң батыр ана әрі тыл ардагері Рәзия әжемізге сәлем бере барып, мерекемен құттықтап гүл шоғы мен естелік сыйлық табысталды. Риза болған ардагерлер құттықтауға барғандарға шынайы көңілін білдіріп, осындай құрмет көрсетіп жатқан ауылдық мәдениет үйі ұжымына зор ризашылықтарын жеткізіп, бейбіт өмір мен еңбектеріне табыс тілеп баталарын берді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-shamenov/press/news/details/993196?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *