7 мамыр мерекесіне орай Ғ.Жәңгіров атындағы саябақта әскери қызметшілер сап түзеді

Опубликовано:

Автор:

в категории

7 мамыр мерекесіне орай Ғ.Жәңгіров атындағы саябақта әскери қызметшілер сап түзеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шеруді тамашалауға аудан тұрғындары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік органдары және 9, 11-сынып оқушылары қатысты.
Сондай-ақ, мерекеге орай аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов мемлекет тұғырын нығайтуға және халқымыздың игілігін арттыруға бағытталған адал еңбектері үшін әскери қызметшілерге, аудан мектептерінде АӘТД пәнінің ұстаздарына және аудан оқушыларына алғыс хат табыстады. Ақсай қаласының №7 ЖОББМ-нің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы педагогі Умбетов Бақытжан Кайржанович, Ақсай қаласының №7 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қазбек Қыдырәлі, Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушылары Сихов Марлен, Жунусов Азат марапатталды.
Құттықтаймыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/991964?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version