Аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдинның 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

Опубликовано:

Автор:

в категории
Аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдинның 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін күн. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің сардар-сарбаздары Отанымыздың қорғаныс қабілетін арттыра түсуде. Бұл – олардың ең басты міндеті және қастерлі парызы. Әкелер даңқына дақ түсірмей, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып жүрген жауынгерлерді елі мақтан тұтады.
Бейбіт күннің аясында еселі еңбек етіп, тәуелсіз елімізді де, туған өлкемізді де өркендете берейік!Баршаңызға зор денсаулық, абырой және баянды бақыт тілеймін!
Аспанымыз ашық, халқымыз аман, жастарымыздың болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болсын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/991591?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *