Облыстың терроризмге қарсы комиссиясы мен ҚР ҰҚК облыстық департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің ұйымдастыруымен террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі-ТТО) объектілердің тізіміне енген жергілікті атқару органдардың және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғаларына, қызметкерлеріне «Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру туралы» нұсқаулық талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты – дағдарыс жағдайлары кезінде алдын алу мен ден қою, объектінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін күшейту.
Түсіндіру жұмыстары Жетісу облысы ПД арнайы жасақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, Алматы облысы және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қатысушыларға ТТО объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптары түсіндіріліп, шара соңында ҚР ТҚО Штабы дайындаған оқу бейнематериалдары ұсынылды.
Объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ айналасындағы күдікті тұлғалар мен заттарды анықтау, қылмыс жасау немесе қауіп төндіру туралы хабарламаларды (телефон, пошта, электрондық пошта және т.б.) қабылдау, лаңкестік әрекеттер, орнатылған жарылғыш заттар, қарулы шабуылдар және кепілге алынған жағдайда әрекет ету тәсілдері түсіндірілді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауапты қызметкерлер тарапынан толыққанды жауаптар берілді.
Материал Жетісу облысының ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990227?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ